Чебоксарыда үстел теннисінне Ресей Федерациясы чемпионатыны екінші тур ойындары аяқталды. Қазақстан атынан сынға түсетін TTC «Astana» клубы төрт рет жеңіске жетіп, төрт рет ұтылып қалды.

Екінші айналым ойындарынан соң біздің команда 16 ұжымның ішінен 8-ші орынға табан тіреген.

«Қыздардың алдында қойған негізгі міндет орындалуда. Спортшыларымыз тәжірибе жинап, шеберлігін арттыруда. Мінездері де қалыптасып келеді. Ал турнир кестесінде бұдан да биік тұратын мүмкіндік бар еді. Үш кездесуде қолда тұрған жеңісті беріп қойдық. Матчтың барлығы тартысты өтуде. Бұл біздің жас спортшыларымыз үшін үлкен мектеп екені анық», - дейді жасөспірімдер мен кадеттер командасының аға бапкері Евгений Тимченко.