Чехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы былтырғы әлем чемпиондары Финляндия құрамасына қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Сергей Старыгин шәкірттері жарыстың фавориттеріне қарсы кездесуде бар күштерін салуға тырысады. Топтық кезеңнің алғашқы екі кездесуінде қазақстандықтар Швейцария және Словакия құрамаларына есе жіберген болатын. Ал Финляндия өкілдері екі кездесуде бір рет Швецияға жол беріп, бірде Словакия құрамасын жеңген.

Қазақстан - Финляндия жастар құрамалары арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:50-де басталады. Кездесуді көрсетілген сілтеме бойынша көре аласыздар.