Чехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Ресей құрамасы Канада жастарымен кездесіп, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ресейліктер сапынан Хованов, Дорофеев, Ртищев, Александров, Соколов және Денисенко гол соқты.

Топтық кезеңдегі екі ойыннан кейін B тобындағы барлық бес команда 3 ұпайдан жинаған. Бірақ қосыша көрсеткіштер бойынша Ресей құрамасы көш бастап тұр.

Естеріңізге салатын болсық Ресей жастар құрамасы өткен ойында күтпеген жерден, мұз айдын қожайындары чехиялықтарға есе жіберген болатын