21-25 желтоқсан күндері Алматы маңындағы Солдат шатқалында орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтті. Аталған сынға еліміздің он аймағынан спортшылар қатысты.

Соңғы жарыс күнінде еркін әдістен масс-старт жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

Әйелдер

1. Ангелина Шурыга 2. Елена Коломина 3. Камила Махмутова

Ерлер

1. Никита Гридин 2. Даулет Рахымбаев 3. Александр Воробьев

Жарысқа жалпы есебі 150-ге жуық спортшы қатысты. Олар классикалық және еркін әдіспен спринт, классикалық әдіспен жекелей сын және масс-старт бәсекесінде бақ сынады. Турнирде ерлер мен әйелдер арасында 8 медаль жиынтығы сарапқа салынды.