Алматыда шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы аяқталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз21-25 желтоқсан күндері Алматы маңындағы Солдат шатқалында орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтті. Аталған сынға еліміздің он аймағынан спортшылар қатысты.
Соңғы жарыс күнінде еркін әдістен масс-старт жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төмендегідей:
Әйелдер
1. Ангелина Шурыга
2. Елена Коломина
3. Камила Махмутова
Ерлер
1. Никита Гридин
2. Даулет Рахымбаев
3. Александр Воробьев
Жарысқа жалпы есебі 150-ге жуық спортшы қатысты. Олар классикалық және еркін әдіспен спринт, классикалық әдіспен жекелей сын және масс-старт бәсекесінде бақ сынады. Турнирде ерлер мен әйелдер арасында 8 медаль жиынтығы сарапқа салынды.