Бокстан ұлттық құраманың мүшесі Абылайхан Жүсіпов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz

22 жастағы Абылайхан Жүсіпов бокстан жасөспірімдер арасындағы 2013 жылғы Азия және әлем чемпионы, жастар арасында 2014 жылғы Азия және әлем чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Абылайхан сонымен қатар Азия чемпионатының күміс жүлдегері және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Биыл өткен әлем біріншілігінде де қола медаль жеңіп алды.