«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах 2019 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшы турнирде барлығы екі матч ойнап, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Еске сала кетелік, «Ливерпуль» әлем чемпионатының финалында «Фламенго» командасын жеңді (1:0). Мерсисайдтықтар бұл олжаға тарихта алғаш рет кенелді.