Қатар елінің үкіметі клубтар арасындағы әлем чемпионаты кезінде фан-зонада алкоголь сатуға рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz. AFP.com порталына сілтеме жасап.

Өз көзіңізге өзіңіз сенбей отырған боларсыз? Дереккөздің жазуынша, жанкүйерлер сыраның бір стаканын АҚШ долларына сатып алған. Одан да сорақысы, 2022 жылы өтетін әлем чемпионатында да спиртті ішімдіктер сатыла береді. Қатардың консервативті Ислам мемлекеті екенін ескерсек, неліктен мұндай қадамға барып отырғаны белгісіз.

Ал, клубтар арасындағы әлем чемпионатына келер болсақ, әлемнің үздік жеті футбол клубы қатысқан додада «Ливерпуль» футбол клубы үздік атанды. Финалдық кездесуде Клопп шәкірттері бразилиялық «Фламенго» командасына қарсы өнер көрсетті. Кездесудің негізгі уақытында жанкүйерлер гол көре алмады. Ал қосымша уақытта Роберто Фирминоның соққан жалғыз голы ағылшындық клубқа жеңіс сыйлады.