Португалия құрамасы мен «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарын жаңа имиджімен таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жарасымды көрінеді» деп жазды Роналду өзінің CR7 коллекциясындағы киімдерді киіп тұрып.

Айта кетелік, Роналду - алаңдағы ойындарымен ғана танымал емес, сондай-ақ сән әлемінде де жақсы өзіндік орны бар жан.