Неміс футболшысы қысқы трансфер кезінде "Фенербахче" қатарына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркиялық клубтың спорт директоры Дамьен Коммоли Лондонда клуб басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Өзіл 2013 жылдан бері "Арсенал" сапында өнер көрсетеді. Клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт 2021 жылдың жазында аяқталады.