Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының мүшесі Элизабет Тұрсынбаева танымал жаттықтырушы Этери Тутберидзенің шоуына қатысатын спортшылар қатарына енді.

2020 жылдың 3 сәуірі күні Пермь қаласында басталатын шоуда Тұрсынбаевадан бөлек, Олимпиада чемпионы Алина Загитова, Александра Трусова, Алена Косторная, Анна Щербакова, Камила Валиевалар өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, ресейлік жұлдыздар Евгения Тарасова, Владимир Морозов, Виктория Синицына, Никита Кацалаповар да айдынға шығады.