18-22 желтоқсан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін әйелдерге арналған қысқа бағдарлама өтті. Бірінші орынды Айза Мамбекова иеленді. Ажар Жұмаханова оған жеңіліп қалды. Үздік үштікке Ясмин Текик енді.

Қысқа бағдарламадан кейін қарағандылық Аяна Рахимова соңғы орынды иеленді. Ол бар-жоғы 21,82 ұпай жинады.

Қазақстан Республикасының чемпионаты. Қысқа бағдарлама. Әйелдер.

1. Айза Мамбекова (Алматы) - 44.56

2. Ажар Жұмаханова (Алматы) - 43.57

3. Ясмин Текик (Нұр-Сұлтан) - 39.92

4. Вероника Шевелева (Алматы) - 38.25,

5. Яна Занегин (Алматы) - 34,79

19 желтоқсан. Алматы