Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин наурыз айында рингке оралады. Бұл ақпаратпен оның промоутері Эдди Хирн бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хирннің айтуынша, Головкиннің келесі жекпе-жегі наурыз айында өтеді. GGG өзінің IBF титулын Камиль Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғауы керек. Шеремета титулға міндетті үміткер» - деп жазды talkSPORT порталының журналисті Майкл Бенсон.

Бұған дейін Головкин - Шеремета жекпе-жегі Чикагодағы Wintrust аренасында өтетіні белгілі болды.

Головкин мен Шеремета соңғы жекпе-жектерін 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізді. GGG украиндық Сергей Деревянченконы жеңді. Поляк боксшысы мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа жіберді.

Рой Джонс: Головкин Альварестен «қашып жүрді»

Джермалл Чарло: Көп соз керек емес, Головкинмен жекпе-жек керек

Ковалев тағы Головкиннің алдын орай ма?

Головкин баласына өз атын қойған жанкүйерді құттықтады

«Канело» Головкинмен жекпе-жектің орнына Майвезермен реваншты таңдады

«Канело» Головкиннің қартайғанын күте ме?