UFC жеңіл салмақта чемпиондық белбеудің иегері Хабиб Нурмагомедов пен бұрынғы чемпион Тони Фергюсонның арасындағы жекпе-жектің өтетінін ресми жариялады.

Келер жылдың 18 сәуірінде АҚШ-тың Бруклин қаласында өтетін UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон жұдырықтасады.

Бұған дейін UFC ирландиялық Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) 18 қаңтар күні жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.