Қазақстандық спортшы Жұман Жұмабеков (8-4) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды.

Жұман Жұмабеков 22 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін Гран-при Bushido Qazaqstan турнирінде жекпе-жекке шығады. Ол жартылай жеңіл салмақта сынға түспек. Турнирге қатысатын 8 спортшы 4 жұпқа бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Жұман Жұмабеков соңғы жекпе-жегін қазан айында M-1 Challenge 105 турнирінде өткізіп, қырғыз спортшысы Руслан Кудайбердиевті жеңді.