Футбол бизнесі бойынша сараптама жасайтын беделді KPMG Football Benchmark платформасы ПСЖ-ның шабуылшсы Килиан Мбаппені әлемдегі ең қымбат футболшы таныды.

KPMG 12 лигада ойнайтын 5 мың футболшының соңғы статистикаларына сараптама жасап, олардың нарықтағы құнын анықтаған.

Үздіктер тізімінде нарықтағы құны 100 миллион еуродан артық тұратын 15 футболшы енген.

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 225 миллион еуро;2. Неймар (ПСЖ) - 185;3. Лионель Месси («Барселона») - 180;4. Эден Азар («Реал») - 152;5. Рахим Стерлинг («Манчестер Сити») - 150;6. Мохамед Салах («Ливерпуль») - 150;7. Харри Кейн («Тоттенхэм») - 140;8. Садио Мане («Ливерпуль») - 130;9. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») - 130;10. Антуан Гризманн («Барселона») - 125.

Нарықтағы құны 100 миллион еуродан артық тұратын футболшылар: Джейдон Санчо (116 миллионов евро), Поль Погба (115), Вирджил ван Дейк (114), Френки де Йонг (106) және Маркус Рэшфорд (100).