«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Поль Погба клубтың жастарға көмектесетіні туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Манчестер Юнайтед» — әлемдегі үлкен клубтардың бірі, тіпті футбол тарихындағы ең үлкен клуб. Жастардың мүмкіндігі өте мол. Мен оларға «ойнаңдар, мүмкіндікті пайдаланыңдар. Қорғатын түгі де жоқ, сендер мықтысыңдар» деп айтамын.

Айта кетелік, Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында Нұр-Сұлтанда «Астанаға» қарсы МЮ жастары ойнап, 1:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын.