"Ливерпуль" бас бапкері клубпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 жастағы неміс маманы 2024 жылдың жазына дейін клубта қалады.

Клопп мерсисайдтық клубты 2015 жылдың қазан айында тізгіндеген еді. Өткен маусымда "қызылдар" Чемпиондар лигасын жеңіп алды. АПЛ-да екінші орынды иемденді.

Осы маусымда чемпионатта 16-шы турдан кейін "Ливерпуль" 46 ұпаймен сенімді көш бастап тұр.