УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің қорытынды 6-шы турынан соң плей-офф кезеңіне өткен барлық командалар анықталды.

Өз топтарының жеңімпаздары: «Севилья» (Испания), «Мальме» (Швеция), «Базель» (Швейцария), ЛАСК (Австрия), «Селтик» (Шотландия), «Арсенал» (Англия), «Порту» (Португалия), «Эспаньол» (Испания), «Гент» (Бельгия), «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Брага» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия);

Екінші орын: АПОЭЛ (Кипр), «Копенгаген» (Дания), «Хетафе» (Испания), «Спортинг» (Португалия), «ЧФР Клуж» (Румыния), «Айнтрахт» (Германия), «Рейнджерс» (Шотландия), «Лудогорец» (Болгария), «Вольфсбург» (Германия), «Рома» (Италия), «Вулверхэмптон» (Англия), «АЗ Алкмар» (Голландия).

Чемпиондар лигасында өз тобында үшінші орын алғандар: «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Греция), «Шахтер» (Украина), «Байер» (Германия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Интер» (Италия), «Бенфика» (Португалия), «Аякс» (Голландия).

Айта кетейік, Еуропа лигасының 1/16 финалының жеребесі 16 желтоқсан күні тартылады.