Циндаода дзюдодан әлемдік «Masters» турнирі өтіп жатыр.

Жарыстың екінші күнінде татамиге шыққан қазақстандық Жансай Смағұлов бірінші айналымда Виктор Стерпуді (Молдова) жеңгенімен, екінші кезеңде жарыстан шықты. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен ол жапониялық әлем чемпионы Сойши Хашимотодан ұтылып қалды.

Айта кетелік, жарыстың бірінші күні татамиге шыққан қазақстандық балуандар жүлдесіз қалды. 60 келідегі Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін күресте жеңіліс тапса, 66 келідегі Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақановтар бірінші жеңілді.