Қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах Қытайдың Циндаосында өтіп жатқан Masters турнирінде жеңіліс тапты, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің 1/4 финалында Косово дзюдошысы Дистрия Красникиден жеңіліп қалған Галбадрах жұбаныш белдесулерін өткізіп, қола жүлде жеңіп алуға мүмкіндігі болған.

Алайда жұбаныш кезеңінің алғашқы раундында-ақ ресейлік Ирина Долговаға есе жіберген дзюдошымыз жарыстан шығып қалды.