Поклюк қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы IBU кубогі басталды. Алғашқы кезеңде жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сын бәсекесі өтіп, Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Полина Егорова тіркеді.
Ол 32-ші орыннан көрінді. Сондай-ақ, Қазақстан сапынан Ксения Долгополова, Арина Крюкова және Ангелина Борисовалар жарыс жолына шыққан.
Үш айыппұл арқалаған Егорова жарыс жеңімпазынан 4 минут 50,6 секундқа кешігіп келді.
Алтын жүлдені германиялық Лиза Мария Шпарк, күмісті швейцариялық Эми Басерга, қоланы италиялық Беатрис Трабукка иеленді.
Комментарии