Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Cпорт қайраткерлерін мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімі бүгін Ақордада өтті.

- Бұл өте қуанышты жағдай және үлкен мәртебе! Келешектегі жеңісімді еселей түсу үшін бұл марапат күш берері сөзсіз. Алда үлкен жоспарлар күтіп тұр. Жаттығуды бастап кеттік. Өзімді жақсы сезінудемін, енді бабыма келу үшін бар күшімді саламын, - дейді Элизабет Тұрсынбаева.