Атақты Transfermarkt порталы трансфер нарығындағы бағасы ең қымбат қорғаушылардың тізімі жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд (£99 млн) көш бастап тұр. Ал екінші орынға тағы бір «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк (£90 млн) жайғасқан. Одан да қызығы үздік үштікті де мерсисайдтық команданың өкілі түйіндеп тұр. Шотландиялық Эндрю Робертсонның құны 72 млн-ға бағаланып отыр.