«Ростов» футбол клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ресей премьер лигасының 19-туры аясында өткен мәскеулік «Спартакқа» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы донскілік команданың инстаграм желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Қазақстандық ойыншың өнері 4,9 деген баға алды.

Айта кетейік, Зайнутдинов «Спартакқа» қарсы ойында екі гол соққан болатын.