Өткен түнде 2019/20 масымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары толығымен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соның нәтижесінде 1/8 финалға жолдама алған командалар белгілі болды. Олар: «Пари Сен-Жермен» және «Лион» (Франция), «Реал» (Мадрид), «Барселона», «Валенсия» және «Атлетико» (Испания), «Бавария», «Боруссия» және «РБ Лейпциг» (Германия), «Тоттенхэм Хотспур», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Челси» (Англия), «Аталанта», «Ювентус» және «Наполи» (Италия).

16 желтоқсан күні 1/8 финалдық жұптарға жеребе тастау барысында өз топтарының мына жеңімпаздары бірінші қоржынға орналасады: «Пари Сен-Жермен», «Бавария», «Манчестер Сити», «Ювентус», «Ливерпуль», «Барселона», «РБ Лейпциг» және «Валенсия».

Екінші қоржынға «Реал», «Тоттенхэм Хотспур», «Аталанта», «Наполи», «Боруссия» «Лион», «Челси» және «Атлетико» орналастырылады.