«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер шабуылшы Маркус Рэшфордты «Ювентустің» ойыншысы Криштиану Роналдумен салыстырды.- Екеуін салыстыру оңай. Екеуінің де шеберлігі, шымырлығы, мінезі мен икемділігі бірдей. Әлемдегі үздік ойыншылардың біріне айналуға толық мүмкіндігі бар. Рэшфорд осы бағытта жұмыс істеуін жалғастыруы қажет, - деді Сульшер. 22 жастағы футболшы биылғы маусымда 13 мәрте көзге түсті.