Жақсы ұсыныс болса «ПСЖ» Неймармен қоштасуға қарсы емес, деп жазады Prosports.kz.

Marca басылымының мәліметінше, 27 жастағы футболшының бағасы 180 миллион еуроға дейін түседі. Дәл осы қаржыны төлеген кез келген клубқа франциялық клуб Неймарды сатуға дайын.

Еске салайық, Неймар 2017 жылдың жазында «Барселонадан» «ПСЖ-ға» 222 миллион еуро қаржыға келген еді.

Клуб пен футболшының арасындағы келісімшарт мерзімі 2022 жылға дейін жасалған.