Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейді 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан шеттетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

WADA Ресейдің санкциясы туралы мәселе бүгін шешеді. Ұйым RUSADA-ны сәйкестік мәртебесінен айыруды ұсынды. Егер RUSADA сәйкестік мәртебесінен айырылса, онда Ресей Олимпиада ойындарына қатыса алмайды.

Бұған дейін Ресейдің допингке қарсы агенттігі алаяқтық жасады деп айыпталған болатын.

Сондай-ақ Ресей белгілі бір уақыт аралығында кез келген спорт түрлері бойынша қандай да бір әлем чемпионаттарын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыласы допинг дауына ілікті ме?