Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ауыр салмақта британиялық боксшы Энтони Джошуа украиналық Александр Усикпен жұдырықтасуды міндеттеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

WBO басшысы Пако Валькарсел өзінің Twitter-парақшасында мәлім етті.

Энтони Джошуа америкалық Энди Руисты жеңіп, ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF,IBO титулдарын қайтарып алды.