Ресейлік боксшы Александр Поветкин америкалық Майкл Хантерге өарсы реванш өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

7 желтоқсанда Сауд Арабиясында өткен кәсіпқой бокс кешінде Поветкин мен Хантер жұдырықтасып, кездесу тең аяқталған болатын.

Қос спортшы WBА чемпиондық атағына ресми үміткер атану үшін қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барлық 12 раунд бойы жалғасты. Төрешілер шешімі - 115-113, 113-115, 114-114.