Жаңа Зеландияда тректегі велоспорттан әлем кубогі кезеңінің соңғы жарыс күні өтуде. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Артем Захаров кезекті рет финалда бақ сынады.

Қазақстандық спортшы "скретчтен" ақтық сынға өтіп, жалпы есепте 8-ші орын иеленді. Бұл бәсекеде алтын медальді Украина, күмісті Нидерланд, қоланы Грекия спортшылары жеңіп алған.

Ал "омниумнан" әйелдер арасындағы бәсекеле қазақстандық Рината Сұлтанова алғашқы алтылыққа енді.

Айта кетелік, Жаңа Зеландиядағы турнирде Артем Захаров "омниум" бойынша қола жүлдегер атанған болатын.