Жаңа Зеландияда тректегі велоспорттан әлем кубогs кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық Артем Захаров жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстан командасының үздігі, Токио Олимпиадасының жолдамасынан үмітті Захаров «омниумда» бақ сынап, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл медаль Артемнің олимпиадалық рейтингтегі ұпайларын арттыруға көмектесері сөзсіз.

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінде жинаған ұпай арқылы спортшыларға Токио Олимпиадасының жолдамасы беріледі. Артем Захаров бұған дейін кубоктік кезеңде жетінші орыннан көрінген болатын.

Бірінші орынды Жаңа Зеландия өкілі Стюарт Кэмбелл, екінші орынды австралиялық Кэмерон Майер иеленді.