Канаданың Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында жергілікті Давид Лемье мен украиналық Максим Бурсак жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Лемье қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді - 94:93, 94:93, 94:93.

Айта кетейік, аталмыш бокс кешінде Садриддин Ахмедов те жұдырықтасты. Жерлесіміз аргентиналық Хосе Вильялобосты жетінші раундта нокаутпен ұтты.