Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан облысы құрамасына бұйырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Финалда Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының боксшылары өзара бақ сынасты.

7 желтоқсанда өткен жартылай финалда түркістандықтар қарағандылықтарды, Нұр-Сұлтан қаласы маңғыстаулықтарды 5:3 есебімен ұтқан болатын.