ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе өзінің болашағы туралы шешімді маусым аяқталғасын мәлім етпекші, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Дереккөздердің жазуынша клуб басшылығы Мбаппені 5 жылға дейін қалдыруды көздейді. Тіпті ойыншының жылдық табысы бонустарды есептемегенде 30 миллион еуроны құрайтын көрінеді.

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.