«Ювентустің» спорттық директоры Фабио Паратичи португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың алдағы жылы ешқайда кетпейтінін мәлімдеді.

КриРоның қазіргі командасымен келісімшарты 2022 жылға дейін жоспарланған.

- Роналду келесі маусымды «Ювентусте» өткізетіні сөзсіз. Ол «Ювентустің» сапында жүріп «Алтын допты» алғысы келеді, - деді Фабио Паратичи.