Гонконгта 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында дзюдодан Азия Кубогы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маңғыстау облысынан екі спортшысы жүлделі орындардан көрінді.

Бауыржан Нарбаев 60 келі салмақта «алтын» жеңіп алды.

66 келі салмақта Бауыржан Сағынғалиұлы қола жүлдегер атанды.

Кубокқа әлемнің 30 елінен 163 спортшы қатысты.