Дзюдодан 2021 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын Италияның Ольбия қаласы қабылдайды.

IJF президенті Мариус Визер дүбірлі доданы өткізулі Италья дзюдо федерациясына тапсырды. Келісімшартқа қол қою рәсіміне 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Фабио Базиле қатысты.

Сондай-ақ, 2021 және 2022 жылдары Италияда Гран-при турнирін өткізу мәселесі қарастырылды.