Миландық «Интер» Италия чемпионатында 14-ші турдан кейін бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық сұрмерген Лаутаро Мартинестің екі голы СПАЛ-мен болған ойында «нерадзурриге» жеңіс сыйлады. Қарсылас команда есепті қысқартқанымен, «Сан-Сиродан» ұпай алып кете алмады.

«Интер» турнирлік кестеде «Ювентусты» бір ұпайға басып озды. Миландық командасының еншісінде 37 ұпай болса, «қарт синьорада» 36 ұпай. Үшінші орындағы «Лационың» еншісінде 30 ұпай.

Италия А сериясы. 14-тур

«Интер» - СПАЛ - 2:1(2:0)

Голдар: Мартинес, 16 (1:0), Мартинес, 42 (2:0), Валоти, 51 (2:1)

«Ювентус» өз алаңында «Сассуолоны» ұта алмады