1 желтоқсанда Нагоядағы (Жапония) шорт-тректен әлем кубогы кезеңінің соңғы күні өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Спортшылар жарыста 500 және 1000 метрлік қашықтықта, сондай-ақ әйелдер арасында 3000 метрлік, ерлер арасында 5000 метлік қашықтықтардағы эстафетада жүлделерді сарапқа салады.

Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы финалға ілінді.

Нагоядағы жарыстың тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 11:05-те басталады.