Тағы бір қазақстандық спортшы екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаңғы акробатикасынан Финляндияда өткен Еуропа кубогы кезеңінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова 86,94 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Тағы бір акробатымыз Ақмаржан Қалмұрзаева 80,62 ұпаймен екінші орыннан көрінді. Жүлдегерлер үштігін Швейцария спортшысы Урзина Платц (78,30) қорытындылады