Желтоқсан айының 15-16 күндері Ақтөбе қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеге әлемнің 40 елінен келген балуандар қатысады. Спортшылар 8 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Айта кетерлігі, биылғы әлем чемпионатында 20 төреші қызмет етеді. Оның 12 жергілікті болса, 8 шетелден келген.