Қазақстандық балуандар дәстүрлі Корея күресі бойынша турнирде өз күшін сынады.

Есан округіне сайысқа тоғыз елдің спортшылары келді. Қазақстан атынан Вячеслав Бердута, Урмат Мұстапаев, Ерболат Ташенов және Айбек Ағыбаев қатысады. Урмат Мұстапаев жарыстың бірінші кезеңін сәтті аяқтады. Бірақ екіншісінде балуан Оңтүстік Корея өкілінен жеңіліп қалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтар чемпионатының ең ұзын бойлы қатысушылары. Балуан Ерболат Ташеновтің бойы екі метр бес сантиметр. Жиырма төрт жастағы спортшы Ресейден келген қарсыласын жеңе білді, бірақ түрік балуанынан жеңіліп қалды.

Ерболатқа кореялық дәстүрлі күрес ұнады және ол ссирым бүкіл әлемде танымал болады деп сенеді. Ташенов дзюдодан спорт шебері, бірақ жарақатына байланысты бірнеше жылдан бері осы спорт түрінен турнирлерге қатыспайды.