«Алтын доп» жүлдесін ресми марапаттау рәсімі 2 желтоқсанда болады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

БАҚ дерегі бойынша, «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алады.

Айта кетейік, бұл жүлдеге «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк таласқа түседі.

Месси 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары аталмыш жүлдені жеңіп алған болатын.