ПСЖ клубының спорттық директоры Леонардо «Реалмен» (2:2) өткен ойыннан кейінгі баспасөз конференциясында Килиан Мбаппенің командада қалатынын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Мбаппе қалатынына 100 пайыз, — деді Леонардо. — Келісімшартты ұзарту дейсіз бе? Бұл жағынан жұмыс жасап жатырмыз.

Дереккөздердің жазуынша клуб басшылығы Мбаппені 5 жылға дейін қалдыруды көздейді. Тіпті ойыншының жылдық табысы бонустарды есептемегенде 30 миллион еуроны құрайтын көрінеді.

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.