Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов келесі жылға жоспарланған Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

- Келісімшартқа отырдық. Әупірімдеп мақсатымызға жақындап келеміз. Бұл жекпе-жек үздік болуға мүмкіндік. Бұған дейін UFC-де қатарынан 12 мәрте жеңіске жеткен қос мықты кездесіп көрген емес. Бұл барлық жанкүйер армандаған жекпе-жек деуге әбден лайық, - дейді Абдулманап Нурмагомедов.