Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абделазиз өзінің Инстаграмында жекпе-жектің өтетін күні (2020 ж. 18 сәуір) және қарсыласының (Тони Фергюсон) аты көрсетілген келісімшарттың фотосуретін жариялады.

Шартқа Нурмагомедов 25 қарашада қол қойған.