«Челсидің» жартылай қорғаушысы Н’Голо Канте ПСЖ сапына ауыспайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Париждік клуб ұзақ уақыттан бері Кантені қатарға қосуды ойлап жүрген болатын.

«Маған «Челси» сапында болған ұнайды. ПСЖ-ға спорттық мәселелер бойынша ауыса алмадым. Алайда маған лондондық клубтың жобасы ұнайды, мен бұл жерде бақыттымын», — деді Канте Le Figaro порталына берген сұқбатында.

Англиялық хавбекке туриндік «Ювентус» қызығушылық танытып жүргенін жазған болатынбыз.

Н’Голо Канте «Челси» сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.