Қостанайлық «Тоболдың» қақпашысы Эмиль Балаев Әзірбайжан құрамасының Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі үздік үш ойыншысының қатарына енді, деп жазады Prosports.kz.

Балаев 588 ұпай жинап, екінші орынға жағасты. 594 ұпай жинаған «Динамо» шабуылшысы Рамиль Шайдаев оның алдын орап кетті. Ал үздік үштікті Бахлул Мұстафазаде (566) түйіндеді.

Айта кетейік, Эмиль Балаев Әзірбайжан ұлттық құрамасы сапында 4 матч өткізіп, 6 гол жіберіп алды.